МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРҒА БАЛАЛАРДЫ КЕЗЕККЕ ҚОЮ
Қызмет көрсету мерзімі: онлайн
Қызметке кім жүгіне алады: ата-аналар (заңды өкілдері)
Бірінші кезекте орын алу құқығына ие:
- Мүгедектердің балалары;
- Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар;
- Жетім балалар;
- Көп балалы отбасынан шыққан балалар.
Кезектен тыс орын алу құқығына ие:
- Арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткендердің балалары;
- Әскери қызметшілердің, оның ішінде қызмет өткеру кезінде қаза тапқан, қайтыс болған немесе хабарсыз кеткен әскери қызметшілердің балалары.
Қызметті алу үдерісі
1
"Қызметке онлайн тапсырыс беру" батырмасы арқылы өту:'
Алдын ала ата-ана (заңды өкіл) және бала бойынша мәліметтердің толғандығына көз жеткізіңіз;
2
Өтінішті толтыру және жіберу:
Баланы таңдау, елді-мекенді және оқыту тілін көрсету қажет;
3
"Өтініштер" бөлімінде жіберілген өтінішпен танысу:
Кезекті әрі қарай қадағалау үшін "Балабақшаға кезек нөмірін көру" қызметін пайдалануға болады
4
Бюллетеньге өтініш жіберу:
"Өтініштер" бөлімінде "Бюллетеньге өтініш жіберу" қадамында "көру" батырмасын басу арқылы сізге бюллетеньдер каталогы қолжетімді болады. Сізге баланыңыздың жасын, елді мекеніңіз бен оқыту тілін таңдау қажет. Егер сізде мәртебелі қолжетімділік болмаса, "барлығына қол жетімді" бюллетенін таңдаңыз”;
5
Электрондық тіркеу:
Бюллетеньге сәтті жауап бергеннен кейін сізге мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама қолжетімді болады. Алынған жолдаманы 5 жұмыс күні ішінде электрондық тiркелу үшін өтініш беруші мен баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен бірге МДҰ-ға ұсыну қажет.